Институт судебных экспертиз по Акмолинской области ЦСЭ МЮ РК Вторник, 17.10.2017, 17:08
Меню сайта
Форма входа
Кодексы РК online

Гражданский кодекс (общ. ч.)

Гражданский кодекс (особ.ч.)

Гражданский процес. кодекс

Уголовный кодекс

Уголовно-процес. кодекс

Кодекс РК об АП

Налоговый кодекс

Поиск по сайту
Текущее время

00:00:00

Календарь
«  Ноябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Погода

Курсы валют

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

IP-адрес

Полезные ссылки

Создать сайт

Праздники Казахстана

Лунный календарь Кокшетау

Расчет расстояний

Все для веб-мастера

Фин.информ. портал

Мир развлечений

Сервис Save2go

Сервис SaveFrom.net

Математическая решалка

Схема ДТП on-line

Схема ДТП on-line 2

On-line тренажер SLR камеры

Справочник судебных дел РК

Кулинарные рецепты

Портал археологов РК

Линейки в печать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
...

Главная » 2016 » Ноябрь » 24 » ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
09:50
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

Елімізде тұрақсыз экономикалық жағдайдың орын алуы және жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстан қоғамы алдына құндылықтар жүйесінің жаңаруын және оларды қайта бағалауды талап ететін күрделі міндеттерін қойды.

Осындай саяси және қаржы саласындағы күрделі кезеңдерді бастан өткеріп жатқан заманда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2015 жылдың 30 қарашасы күнгі «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы мемлекетіміздің жалпы және әлемдік тұрғыда  дамуының жаңа жолдарын ашып берді. Жолдауда Қазақстанның әлемдік экономикада алатын басты рөлі сипатталады.  Қазақ елі осы тұрғыда өзін өзгерістерге дайын, бірлігін сақтай білетін ел ретінде, геосаяси өзгерістердің ортасындағы даму жолында аяғына нық тұрған Мемлекет ретінде көрсете білуі тиіс.

Елбасымыз жариялаған Жолдауында ұлттық теңгеміздің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі маңызын арттыру мақсатында атқарылатын нақты іс-шаралар атап көрсетілген. Сонымен қатар ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мен білім алушылардың шәкіртақысын, зейнетақыны белгіленген пайыздық мөлшерде көбейту т.б. мәселелер де қамтылды. Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары нақтыланған. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары бірнеше сатыға бөлініп көрсетілді. Алайда Елбасы аталған жолдауында берілген бағыт-бағдарды жүзеге асыру үшін мемлекеттің әр азаматы жұмыла, белсене кірісуіне үндейді.

Осыған байланысты қоғамымызда жауапты орын алатын Сот-сараптамасы қызметінің де алдына зерттеудің жаңа түрлерін жасап енгізу, әдістемелік базасын заманға сай жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, құқыққорғау, арнайы және сот органдарымен қарым-қатынас деңгейін жоғарылату сияқты бірнеше стратегиялық міндеттер қойылды.  Қазіргі заман талабы бойынша қызметтің бұл саласын дамытудың маңызы өте зор. Себебі, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерулердің әсері пайда болған қылмыстарға қарсы әрекет етудің жаңа түрлері мен әдістерін іздеп табуға әкеледі. Осының салдары маңызы зор дәлелдік заттарды сот сараптамалық зерттеудің  жаңа түрлерін дамытудың алғышарттары болып табылады. Сот сараптамалық зерттеу ғылымға негізделгендіктен, зерттеудің әдіс-тәсілдері, зерттеу жолдары қылмыс жасалмас бұрын алдын-ала белгілі болғаны жөн.

Осы мақсатта қазіргі таңда сот сараптама қызметі аясында сот-сараптамалық зерттеудің жаңа әдістемелері жасалып, бар әдістемелерді жетілдіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. 

Президентіміздің Жолдауында белгіленген Қазақстандағы антидағдарыстық және құрылымдық қайта құрудың бес бағытын жүзеге асыру ең алдымен кез келген салада білікті мамандандардың болуымен тікелей байланысты. Мысалы, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша сапалы сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін сарапшылық практикаға қазіргі заман талаптарына сай әдістерді үйреніп, енгізу керек. Қазіргі таңда сарапшылардың біліктіліктерін арттыру мәселесімен Сот сараптама орталығы тығыз айналысуда. Атап айтсақ, сот-сараптама саласы бойынша магистрлерді, құқық PhD докторларын дайындау қарастырылған.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сот сараптамасы жүйесінің дамуына және жақсаруына әрқайсымыздың қосқан үлесіміз мемлекетіміздің жалпы табысына және Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауының антидағдарыстық стратегиясын жүзеге асыруда салмақты нәтижеге айналмақ.  

Просмотров: 114 | Добавил: z_rustik | Рейтинг: 0.0/0
Ролик ЦСЭ МЮ РК
Мы на карте

Просмотреть увеличенную карту Режим работы ИСЭ по Акмолинской области: Пн-Пт с 9:00 до 18:30, обед с 13:00 до 14:30, выходные Сб-Вс
Кто онлайн?
zakon.kz
Dailytechinfo.org
Caravan.kz
Copyright R.Zaliyev © 2017
Используются технологии uCoz