Ер - елінің қорғаны!!! - 12 Мая 2014 - Институт судебной экспертизы по Акмолинской области
Институт судебной экспертизы по Акмолинской области ЦСЭ МЮ РК Пятница, 24.03.2017, 23:51
Меню сайта
Форма входа
Кодексы РК online

Гражданский кодекс (общ. ч.)

Гражданский кодекс (особ.ч.)

Гражданский процес. кодекс

Уголовный кодекс

Уголовно-процес. кодекс

Кодекс РК об АП

Налоговый кодекс

Поиск по сайту
Текущее время

00:00:00

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Погода

Курсы валют

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

IP-адрес

Полезные ссылки

Создать сайт

Праздники Казахстана

Лунный календарь Кокшетау

Расчет расстояний

Все для веб-мастера

Фин.информ. портал

Мир развлечений

Сервис Save2go

Сервис SaveFrom.net

Математическая решалка

Схема ДТП on-line

Схема ДТП on-line 2

On-line тренажер SLR камеры

Справочник судебных дел РК

Кулинарные рецепты

Портал археологов РК

Линейки в печать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
...

Главная » 2014 » Май » 12 » Ер - елінің қорғаны!!!
10:47
Ер - елінің қорғаны!!!

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды.  Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.  

Бұл күн – казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, үлттық әскери оқу орындары жүйесімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлық, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін көрсетуде.

Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.

Дәстүр бойынша, Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды. Мереке күні құттықтау рәсімдері өткізіледі.

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр. Отансүйгіштік сезім, рух ол біздің егеменді елімізді өркениетті елдердің санатына қосып, дамыған елдердің қатарынан өзіне тиесілі орын алуына ықпал ететін алып қуаттардың бірі.

Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Просмотров: 330 | Добавил: z_rustik | Рейтинг: 0.0/0
Ролик ЦСЭ МЮ РК
Мы на карте

Просмотреть увеличенную карту Режим работы ИСЭ по Акмолинской области: Пн-Пт с 9:00 до 18:30, обед с 13:00 до 14:30, выходные Сб-Вс
Кто онлайн?
zakon.kz
Dailytechinfo.org
Caravan.kz
Copyright R.Zaliyev © 2017
Используются технологии uCoz