Институт судебных экспертиз по Акмолинской области ЦСЭ МЮ РК Суббота, 23.09.2017, 16:58
Меню сайта
Форма входа
Кодексы РК online

Гражданский кодекс (общ. ч.)

Гражданский кодекс (особ.ч.)

Гражданский процес. кодекс

Уголовный кодекс

Уголовно-процес. кодекс

Кодекс РК об АП

Налоговый кодекс

Поиск по сайту
Текущее время

00:00:00

Календарь
«  Июль 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Погода

Курсы валют

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

IP-адрес

Полезные ссылки

Создать сайт

Праздники Казахстана

Лунный календарь Кокшетау

Расчет расстояний

Все для веб-мастера

Фин.информ. портал

Мир развлечений

Сервис Save2go

Сервис SaveFrom.net

Математическая решалка

Схема ДТП on-line

Схема ДТП on-line 2

On-line тренажер SLR камеры

Справочник судебных дел РК

Кулинарные рецепты

Портал археологов РК

Линейки в печать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
...

Главная » 2016 » Июль » 8 » ЖАЗУТАНУ САРАПТАМАСЫНДАҒЫ БЕЛГІЛЕРГЕ БАҒА БЕРУДЕГІ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕР
18:38
ЖАЗУТАНУ САРАПТАМАСЫНДАҒЫ БЕЛГІЛЕРГЕ БАҒА БЕРУДЕГІ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕР

Баға беру – кез-келген сарапшы үшін, соның ішінде, әсіресе жазутану сараптамасын жүргізетін сарапшы үшін ең маңызды, сонымен бірге ең қиын мәселелердің бірі.

Баға беру дегеніміз - мазмұны объективті қатынас пен өзара байланыстан тұратын көріністің арнайы түрі.  Нақты субъектімен берілгендіктен, оған және оның іс-әрекетінің мақсаты мен қажеттілігіне байланысты болғандықтан, ол субъективті болып табылады. Сонымен бірге ол объективті құбылыс, себебі объектілер мен құбылыстарды зерттеу барысында аталған объектілер мен құбылыстардың заңдылықтары мен алғышарттарын білуіне негізделеді[1].  

Баға беру белгілі бір эталонға, үлгі-нұсқаға қатынасы, оған жақындығы немесе сол эталонға сәйкестігімен байланысты болып келеді. Осы кезде жиынтыққа енетін белгілердің сандық және сапалық аспектілеріне берілетін негізгі және қорытынды баға беру жүзеге асырылады.

Осы тұрғыдан келгенде, жазу мен қолтаңбаларды идентификациялық зерттеуде баға беру мәселесінің қиындығы анықталады. Себебі жазутану сараптамаларының көбінде жеке белгілерді зерттегенде ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар да анықталады. Осындай жағдайда анықталған сәйкес белгілерге де, айырмашылығы бар белгілерге де баға берілуі тиіс. Сарапшы оң шешім беру барысында, айырмашылығы бар белгілерге көңіл аудармай немесе теріс шешім беру кезінде, сәйкес белгілерге көз жұмып, түсіндірусіз қалдырып кете алмайды. Баға берудегі мұндай біржақты қарау, қате шешімге келтіруі мүмкін. Сол себепті өз шешімдерінің негізіне салынған белгілерді түсіндіріп және де оларға баға беріп, сонымен бірге үйлеспей, ұқсамаған белгілерді де талқылаған қорытындыны  негіздемесі бар сарапшы қорытындысы деп санауға болады.

Баға беру дәйектерді жинақтау, оларды сандық және сапалық тұрғыдан талдау, табиғаты мен туындауын анықтау сияқты кезеңдерден тұрып, логикалық тұрғыдан дәлелдеу процесі болғандықтан, зерттеу жүргізу барысында баға берудің теориялық негізі мен сарапшының практикалық іс-әрекетіне дұрыс бағыт-бағдар беретін бағалаудың негізгі принциптерін тұжырымдаудың қажеттілігі туындады.

Ғылыми жұмыстарды зерделей келе, баға берудің келесідей негізгі принциптері топтастырылды. Олар: 

1. Нақты зерттеу кезеңінің міндеттері мен сипатына негізделе отырып, баға беру сарапшылық зерттеудің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады. Қорытынды баға сарапшы зерттеуінің әртүрлі деңгейде болған "аралық" бағалау нәтижелерін ескеруі тиіс, дегенмен олардың қарапайым қосындысы шеңберінде шектеліп қалмағаны жөн. Зерттеудің қорытынды деңгейдегі бағаның берілуі сарапшының шешімдерін анықтайды.   

2. Зерттеудің барлық деңгейлерінде сарапшы әрбір белгіге, сонымен бірге

идентификациялық жиынтыққа жататын (объектіні жекелендіретін немесе теңдестірудің жоқтығын айқындайтын белгілер жүйесі) белгілер жиынтығына да баға беруі тиіс.

         3.  Сарапшы өз зерттеуінде бірнеше әдістемені (дәстүрлі, дәстүрлі емес т.б.) қолданса, онда сол қолданған әрбір әдістеменің нәтижелерін жеке-жеке бағалап, содан кейін ғана барлық нәтижелерге ортақ баға береді. Осы тұрғыдан бағалау негізінде әр әдістеменің шешім шығарудағы ролін анықтауға болады[2].

4. Жазудағы сәйкес келетін белгілерді бағалауда сарапшы:

- белгілердің жиілік кездесуіне сүйене отырып, олардың жеке ерекшелігі мен қайталанбастығын анықтайды, өз шешімін жиынтыққа кірген сирек кездесетін белгілерге негіздейді;

- даралығы бар, яғни өзіндік идентификациялық мәніне ие белгілерді ескереді;

- тұрақты болып келетін белгілер жиынтығын енгізеді[3];

- жазулардың ұқсастығы немесе еліктеп жазудың нәтижесі болу-болмау мүмкіндігін тексереді.

         Егер сәйкес келетін белгілермен қатар айырмашылығы бар белгілер анықталса, ондай жағдайда айырмашылығы бар белгілердің пайда болу себебі түсіндіріліп, олар елеусіз деп бағаланғаннан кейін ғана кесімді оң шешім беріледі.  

5. Айырмашылығы бар белгілерді бағалаған кезде, ең алдымен, олардың тұрақтылығы анықталады. Теріс шешімнің негізінде тұрақты айырмашылығы бар белгілер жататыны белгілі. Сол себепті сарапшы:

- белгілердің айырмашылығы кездейсоқ емес пе екендігін;

- зерттелетін жазу мен жазу үлгісінің арасындағы уақыт алшақтығымен байланысты емес пе екендігін;

- айырмашылығы бар белгілердің болуы зерттеліп жатқан салыстырмалы жазудың (қолтаңбалардың) әртүрлі нұсқаларында кездесетін белгілер емес пе екендігін;

- жазған адамның ерекше психофизиологиялық жай-күйі немесе үйреншікті емес сыртқы жағдайдың әсерімен жазу белгілері табиғи өзгерістерге ұшырамағандығын;

- зерттелетін жазу мен эксперименталды жазу үлгілеріндегі айырмашылығы бар белгілер әдейі бұрмалаудың нәтижесі емес пе екендігін;

- анықталған айырмашылығы бар белгілер болжап отырған орындаушының салыстырмалы жазу үлгілерінде барлық белгілердің көрініс таппауына байланысты немесе салыстырмалы үлгілердің аздығы салдарынан туындамағанын тексереді[4].

Егер белгілердің айырмашылығы жоғарыда көрсетілген себептердің бірімен де түсіндірілмесе, онда айырмашылықтар сарапшымен тұрақты деп бағаланып, кесімді теріс шешімге негіз болады. 

         Айырмашылықтармен қатар сәйкес белгілер анықталған кезде, сарапшы оларды түсіндіруі тиіс. Сәйкес белгілер елеусіз деп бағаланғаннан кейін ғана теріс шешім беруге болады.

         6. Бірнеше жазбаны немесе қолтаңбаны зерттеу барысында (егер бір объектіде  жеткілікті идентификациялық белгілер жиналмаса), оларды бір жиынтық деп бағалау үшін, ең алдымен сарапшы сол объектілердің бір тұлғамен орындағанын алдын ала анықтау қажет[5].

         Былайша бағалаудың нәтижесі объектілердің (жазбалар немесе қолтаңбалардың) бір-бірімен байланысты болуын анықтаумен тікелей байланысты. Егер де сарапшы бірнеше тұлғамен орындалған объектілерді бір тұлғамен орындалған деп қате шешімге келіп, сол объектілердің жиынтығын бір шеңберде қарастырса, ондай жағдайда, әрине, берілетін жиынтыққа баға беру қате шешімге әкеледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

7. Қажетті деректерді жинаудан, белгілердің анализі мен синтезінен құралған баға беру  бірнеше кезеңнен тұруы тиіс. Сарапшы өзінің берген бағасын бірнеше рет тексеруі тиіс. Өз шешімдерінің дұрыстығында аз да болса күдік туындаса, белгілі-бір уақыт аралығында  берген бағасына қайта оралып, оны жан-жақты, толыққанды және де объективті түрде талдауы тиіс.

         Қорытынды баға әдістемелік тұрғыдан келесідей кезеңдерді қамтуы қажет:

  • алдыңғы деңгейлерде жасалынған нәтижелерге баға беру;
  • сәйкес келетін белгілердің табиғатын түсіндіру;
  • айырмашылығы бар белгілердің пайда болуы мен табиғатын түсіндіру;
  • жүйе – жиынтықты құруға тиіс белгілерді анықтау;
  • белгілер жиынтығының идентификациялық мәні мен ақпараттылығын анықтау;
  • баға беру пайымдауын тұжырымдау;
  • шешім шығару.

Жоғарыда аталған әрбір кезең қорытынды баға берудің жауапты, сонымен қатар қорытынды шешім жасауда тигізетін әсері зор.    

8. Қорытынды баға сарапшыны өз шешімдерінің шынайы екендігіне іштей нық сендіруі тиіс. Ішкі сенім кез-келген баға беруде, соның ішінде сарапшылық бағалауда да болады. Осы ретте сарапшының ішкі сенімі арнайы білімге негізделе отырып, жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін шынайы бейнелеуі керек.

Бүгінгі таңда сарапшылар оң немесе теріс шешімге келуде, анықтаған сәйкес келетін және айырмашылығы бар белгілерді бағалауда, қате шешімдерге әкелетін бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Олар жазу мен қолтаңбалардағы идентификациялық белгілерді анықтауға және бағалауға қатысты әдістемелік сипаттағы кемшіліктермен, сонымен қатар сапасыз және толық емес көлемдегі  салыстырмалы үлгілерді қолданумен байланысты болып келеді. Сарапшы шешімінің негізі болатын идентификациялық белгілер жиынтығына енуі мен олардың бағалануы жазу мен қолтаңбалардағы белгілерді зерделей зерттеуден және дұрыс анықтаудан тұратыны белгілі. Сарапшы олардың әрқайсысын талдай біліп, идентификациялық маңызын анықтағаннан кейін ғана салыстырмалы зерттеуде қолдануы керек. Бірақ, өкінішке орай, көптеген идентификациялық маңызы бар белгілерге сарапшылар көңіл бөлмей, оларды зерттеп баға бермейді.   Тіпті кей кездері идентификациялық маңызы төмен, бірақ көзге анық көрінетін  сәйкес белгілерге аса көп мән беріліп, шынайы маңызы бар сәйкес емес белгілер назардан тыс қалып жатады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алған жөн.

 


[1] Ивин А.А. Логика. М., 2008. С336

[2] Теоретические проблемы оценки экспертом признаков почерка. РОИ МВД УССР, 1975. С.177

[3] Судебно-почерковедческая экспертиза. /Под ред. Е.Е. Доброславской, А.И. Манцветовой, В.Ф. Орловой – М.; 1971. С230

[4] Ароцкер Л.Е. Теоретические проблемы оценки экспертом признаков почерка. Киев, 1975. С.177

[5] Аверьянова, Т.В. Судебная экспертиза. М.: Норма, 2008. С. 944

 

Просмотров: 77 | Добавил: z_rustik | Рейтинг: 0.0/0
Ролик ЦСЭ МЮ РК
Мы на карте

Просмотреть увеличенную карту Режим работы ИСЭ по Акмолинской области: Пн-Пт с 9:00 до 18:30, обед с 13:00 до 14:30, выходные Сб-Вс
Кто онлайн?
zakon.kz
Dailytechinfo.org
Caravan.kz
Copyright R.Zaliyev © 2017
Используются технологии uCoz